Кинотеатрларда билеттің бағасы 13 пайызға өсті

Кинотеатрларда билеттің бағасы 13 пайызға өсті. Қазір елде билеттің орташа құны 1600 теңге тұрады.

Статистика бюросының хабарлауынша, өзге өңірлермен салыстырғанда оның құны Шымкентте қымбат – 2600 теңге. Ал Семейде арзан – 1100 теңге.

Биыл билет әсіресе, Ақтөбе мен Қызылордада қымбаттады. Бағасы бірден 28-30 пайызға шарықтаған.

Кинотеатр иелері қауымдастығының өкілдері пандемия салдарынан биылдың өзінде төрт нысан жабылып қалғанын айтады. Қазақстанда жалпы 90-нан аса кинотеатр бар.

Шынар Оразова