Күдіктілер өзгелердің атынан 300 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген

49

Сайрам ауданында банк қызметкері мен оның сыбайласы 100-ден астам ауыл тұрғынына заңсыз түрде несие рәсімдеген. Күдікті ауылдастарына, таныстарына «мемлекет тарапынан әр балаңызға 50 000 теңгеден әлеуметтік көмек алуға қажет құжаттарды жинақтап беремін» деп алдаған.

Айтулы азаматтың серіктесімен бірге бұдан бөлек 100-ден астам алаяқтыққа қатысы бар екендігі анықталды. Яғни, қос сыбайлас өзгелердің атынан 300 миллионға жуық несие рәсімдеп, ақшаларын өз пайдаларына жаратып жіберген.

Бақытжан Садықов, Түркістан облысы ПД тергеу басқармасының бөлім бастығы: «Тергеп-тексеру барысында аталған екі тұлғаға қатысты күдікпен ұстаудың бұлтартпас шарасы санкцияланып, қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеп тексеру барысында қылмыстық іс аясында іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды».

Әлихан Файзханов