Жыл сайын 29 қазанда Дүниежүзілік инсультпен күрес күні аталып өтеді. Бұл күн, шын мәнінде, қауіпті аурудың себептерін еске түсіретін үлкен мүмкіндік. Инсультті болдырмаудың тиімді тәсілі қандай?

Бұл Ғалым Қуанышұлы – 51 жаста. Арнайы жаттығу залдарында, спортпен жиі айналысатын көрінеді. Оның айтуынша, осыдан бір апта бұрын, инсультпен ауруханаға түскен. Дәрігерлердің дер кезінде жасаған көмегінің арқасында, отаның сәтті өткен. Үлкен сынақты бастан өткерген Ғалым Қуанышұлы, ақ халаттыларға ерекше алғысын білдірді.

Ғалым Аймаханов, Төлеби ауданының тұрғыны: «Мен Леңгірден кардиологиялық орталыққа өзім тексерілуге бардым. Дәрігер мені осында тіркеп, шұғыл ота жасау керектігін айтты, хирургтардың арқасында ота сәтті өтті. Ақ халаттыларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Қан қысымым бір қалыпты. Жаратқаннан тек денсаулықтың жақсы болуын сұраймын».

Инсульттың негізігі себебі, қан қысымының бірқалыптылығына тікелей байланысты дейді мамандар. Ескеретін жәйт, бұл аурудың ең көп тараған түрі. Ол миға қан жеткізетін тамырдың бітелуі нәтижесінде дамитын көрінеді. Дәрігердің айтуынша, дер кезінде бұл аурудың алдын алмаса, салдары өлімге немесе мүгедектікке алып келеді.

Ал инсульт алған науқастардың 40% -ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар екен. Ақ халаттылар, бұл жасырын ауру ешкімді де аямайтындығын қатаң ескертеді.

Динара Дарханқызы, Облыстық клиникалық аурухананың невролог-дәрігері: “Қазір инсульт жасарып келеді. Бізге көбінесе, артық салмағы бар, қант диабетімен және артериялық гипертензиямен ауыратын, адамдар келеді”.

Мамандар емделуді мүмкіндігінше ертерек бастаған жөн, өйткені адам өмірінің ұзақтығы осыған байланысты дейді.

Динара Дарханқызы, Облыстық клиникалық аурухананың невролог дәрігері: «Мысалы, біздің инсульт орталығында реабилитация бірнеше кезеңнен тұрады. Біз пациентті алғашқы күннен бастап бақылауда ұстаймыз, барлығы науқастың қандай күйде екендігіне байланысты, содан кейін оңалтудың екінші және үшінші кезеңіне көшеміз”.

Дәрігерлер инсульттің алдын алу үшін қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылауды, сонымен қатар, дұрыс тамақтануды, зиянды әдеттерден бас тартуды ұсынады.

Динара Дарханқызы, Облыстық клиникалық аурухананың невролог дәрігері: «Біз әркез науқастарды, ауруханаға тіркеуге тұрып, тиісті дәрі-дәрмекті уақытылы қабылдауға, жалпы қан анализін тапсырып, күнделікті қан қысымын бақылап отыруға шақырамыз».

Ем қабылдап жүрген науқастар, инсульттің қайталаныу ықтимал екендігін ескерген жөн. Сіз, ол проблеманың алдын алу үшін денсаулығыңызды үнемі бақылауда ұстап дәрігердің ұсыныстарын уақытылы орындағаныңыз жөн.

Динара Дарханқызы, Облыстық клиникалық аурухананың невролог дәрігері: «Қауіп бәсеңдеп, ауруханадан шыққаннан кейін, дәріні уақытылы қабылдамайтын науқастар да кездеседі, бұлай жасау, өте қауіпті екендігін ескертеміз».

Сарапшылар, инсультті үйде жылдам тексеру үшін экспресс-тесттің бар екендігін айтады. Мысалы сіз, жақыныңыздан осы аурудың белгілерін байқасаңыз, мынадай қарапайым әдісті қолданыңыз: Алдымен одан күлімсіреуді сұраңыз, содан кейін алға қолдарын алға созып көлденеңінен 5 секундқа көтеріңіз. Сосын, қарапайым фразаны айтуы керек. Егер күлімсіреп, қолын көтеруге тырысқанда, олардың біреуі түсіп кетсе және сөйлеу анық болмаса, шұғыл түрде дәрігерге жүгінген жөн.

Аида Қарсыбайқызы