«Мемлекеттен қаржылай көмек алып беремін» деп алдаған қала тұрғыны құрықталды. Абай ауданы Полиция басқармасына шағымданған тұрғынның айтуынша, танысы кәсіпкерлер палатасы арқылы қайтарымсыз 500 000 теңге көлеміндегі көмекті алуға көмектесемін деп, сеніміне кіре отырып 75 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Арада уақыт өте не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармаған көрінеді. Аталған жайт бойынша криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, басқармаға жеткізді.

Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мөлдір Ибадуллаева