Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов көмір бағасын жариялады.
«Біз Қаражыра, Богатырь мен Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келісіп қойдық. Бір тонна үшін 5 200 теңгеден басталады, ал ең қымбат көмір 5 700 теңге болады», — деп атап көрсетті Атамқұлов.
Айтуынша, бүгінде көмірдің бағасын ұстап тұру мақсатында осы саладағы ірі кәсіпорындармен меморандумдар рәсімделді.
«Құжатта көмірдің нақты бағасы көрсетілген. Қазір сұраныс өте жоғары болып тұр. Осыған байланысты қараша айында қосымша 484 мың тоннаны жоспарлап қойдық. Қазақстан теміржолы мен карьерлерге қосымша тапсырыс берілді. Сұраныс артса, тапсырысты ұлғайтуға дайынбыз»,- дейді министр.
Шынар Оразова