Көмір қымбаттады

9
Көмірдің қоры жеткілікті

Көмір қымбаттады. Баға бір жылда 12 пайызға көтерілген. Қатты отын  әсіресе, Ақтөбе облысында қымбаттаған. Өңірде көмір бағасы 39 пайызға өсті.

Өсім Түркістан облысы мен Алматы қаласында да байқалады. Ал Батыс Қазақстан облысында баға өзгерген жоқ. Жамбыл облысында керісінше, 3,6% арзандаған. Өнеркәсіп министрлігі бұған дейін көмірдің қымбаттағанын инфляциямен байланыстырған еді. Себебі, қазір кен орнына қажетті техника мен жанармай бағасы да өскен.