Солтүстік Қазақстан облысында жұмыртқа негізсіз қымбаттаған. Мұндай заң бұзушылықты бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мамандары арнайы тексеріс барысында анықтады.
Өңірде бірнеше құс фабрикасы өз өнімдерін нарықтағы бағадан 30 пайызға дейін көтеріп, сатып келген. Нарықты зерттеп, талдау жүргізген сарапшылар енді бұл кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізеді.
CҚО бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мәліметі бойынша жыл басында монополияға қарсы заңнаманы бұзған 4 кәсіпкерлік нысан анықталып, оларға ескерту жасалған.
Алайда оның екеуінде олқылық қайталанып отыр. Сондықтан бірден тергеу басталды.
Шынар Оразова