Отырар ауданы ПБ-ның қызметкерлері тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты түрде іс-шараларды ұйымдастыруда.
Кезекті шара барысында жалпы 10 тәулік ішінде 377 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша — 136 дерек, 593-бабымен «Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» — 39 жайт, 590-бабы «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша – 46 дерек тіркелсе, 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша – 2 жайт тіркеліп, әкімшілік хаттама түзілді, ал 23 автокөлік айыптұраққа қойылды.
Мысалы, «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында Отырар ауданы Шәуілдір ауылы тұрғынының «Ваз-21014» маркалы Ресей Федерациясының көлігін тоқтатады. Себебі көліктің артқы жарық шамының жанбағаны белгілі болады. Осыдан соң полицейлер, жүргізушінің мас халде болуына күдіктенеді. Тәртіп сақшылары осы жайтты нақтылау үшін, жүргізушіні сараптамадан өткізеді. Куәландыру қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас халде екені анықталды. Полиция қызметкерлері көлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабында «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттама толтырып, айыптұраққа қойды. Сонымен қатар іс-құжаттар жинақталып, Отырар аудандық сотына жолданды.
Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз.