Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығына мемлекеттен қайтарымсыз гарнт алу үшін онлайн форматта 1000 азамат өтінім берген. Алайда оның 97-де құжаттар толық емес болса, 258-і санатқа жатпайды екен. Ал қайталанған өтініштер саны-138-ді құрайды.
Бұған дейін «Nur Otan» партиясының «Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының «Болашағына сенімді жастар» бағыты аясында жас кәсіпкерлердің өтініштері онлайн форматта қабылданған еді.
Осыған орай, мемлекеттік грант комиссиясының қаралымы өткізілді. Қаралым барысында грант талаптарына сай келіп, комиссия қаралуына жіберілген 507 азаматтың құжаты іріктелді.
Мөлдір Ибадуллаева