Қазақстан тауарлары Иран, Вьетнам және Сербия нарығына шықты. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
«Бұл елдер қазірдің өзінде нарықтарына қазақстандық тауарлардың барынша жеңілдетілген шарттармен келуі үшін мүмкіндіктер ұсынып отыр», — деді министр.
Оның атап өтуінше, Сингапурмен тауарлар бөлігіне қатысты, қызметтерге қатысты келіссөздер аяқталуға жақын қалды. «Экспорт әлеуеті 800 млн. доллардан асып түсетін Израиль, Мысыр және Үндістанмен де келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Шынар Оразова