Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнатады

41

Қазақстан мен Вьетнам визасыз режим орнатады. Қос елдің Сыртқы істер министрлігі өкілдері қазір келіссөз жүргізіп жатыр. Олар достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты. Вьетнам тарапы екі ел арасындағы қарым-қатынаста таңдалған бағыттың маңызына назар аударды және халықаралық шартты тез арада келістіруге бар күшін салуға дайын екенін айтты.