Қазақстан Ресейден 1200 МВт электр энергиясын импорттайды. Энергетика министрлігінің айтуынша, мемлекетаралық сауда-саттық өткізілген.
Бұған дейін жауапты министрлік энергия тапшылығының алдын алу үшін 2025 жылға дейін 1,8 трлн. теңге бөлінетінін хабарлаған. Биыл Қазақстанда электр қуатын тұтыну бірден 7%-ке артты.
Сұраныстың көбеюіне цифрлық майнингпен айналысатын фермалар да әсер еткен. Статистика бюросының мәліметінше, 1-ші деңгейлі электр энергиясының тарифі 1 кВт/сағат үшін елордада 12 теңгеге жуық, Алматыда 17 теңге, Шымкентте 14 теңгеден асады.
Шынар Оразова