Ауа-райының нашарлауына байланысты 23 бағытта электр қуатының өшуі орын алды. Қазіргі уақытта қала бойынша 16 авариялық бригада, 11 арнайы техника жұмыс істеуде.
«Оңтүстік Жарық» авариялық бригадалары ақаулықтарды жою жұмыстарын жүргізуде, олардың барлығы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Ақаулар жойылысымен абоненттерге электр энергиясын беру жүргізілетін болады.
Қала тұрғындарынан шыдамдылық пен түсіністік танытуды сұраймыз.