Сұйытылған газ бағасы өсті

146

Ел аумағында көгілдір отынның бағасы 30 пайыздай көтерілген. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша сұйытылған газдың баллоны былтыр 2900 теңге болса, биыл 3700-ден сатылып жатыр.

Ең қымбат баға Өскеменде, газ баллоны 4700 теңге. Семей, Алматы, Көкшетау, Талдықорған қалаларында 4 мыңнан. Ең арзаны Атырауда-1600 теңге.

Энергетика министрлігі қымбатшылыққа сұраныстың артуы себеп дейді. Мәселен,  алдыңғы жылдары  сұйытылған газбен жүретін машиналар саны 140 мың болса, биыл 313 мыңнан асып кеткен.

Шынар Оразова