Түлкібастық 150 азаматқа өз жеке кәсібін ашуға мемлекеттік қолдау көрсетілді

118

 

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жеке кәсіпке бет бұрғандар саны жыл сайын артып келеді. Бұған мемлекеттен көрсетілетін қолдаулар да себеп болып отыр. Соның бірі – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы.

Биыл Түлкібас ауданында аталған бағдарламаның екінші бағыты шеңберіне 150 азамат жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, 122 ірі қара мал шаруашылығын, 10 қой шаруашылығын, 8 жылқы шаруашылығын, 4 тігін цехін және 6 түрлі кәсіп ашуға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, бағдарлама аясында 583 мың 400 теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттың басым бөлігі жұмыссыз жастар мен тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға берілген. Яғни 29 жасқа дейінгі 58 азамат, оның ішінде 40 аз қамтылған отбасы 3 мүмкіндігі шектеулі азамат қамтылған.