Түркістан облысында 10-нан астам «SOS» батырмасы жұмыс істеп тұр

106

 

Бұл жайында полиция полковнигі Алмас Тастанбеков жеткізді. Өздеріңізге белгілі Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфир арқылы апта сайын брифинг өткізілуде.

Онда ПД-нің әрбір салалық құрылым басшылары тікелей эфирге шығып, өздерінің басқарма, бөлім қызметкерлерімен атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын ашық, әрі нақты айтып өтуде. Осы аптадағы брифингтің тақырыбы: «Полицияның сервистік моделі қауіпсіздікті нығайтудың негізі». Ал қонақ ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмас Тастанбеков келді. Тікелей эфирді 200-ге жуық желі қолданушысы қарады.

Полиция полковнигі А. Тастанбеков өз сөзінде: «Түркістан облысы — еліміздің басқа да қалаларынан, одан бөлек алыс-жақын шетелдерден туристер көп келетін туристік аймақ болып саналады. Осы орайда полицияның сервистік моделіне көшу басты назарда. Полицияның жергілікті тұрғындарға қолжетімді болуы үшін арнайы жоспарлар, бағдарламалар іске асырылуда. Мәселен, адамдар көп шоғырланатын аймақтарға заманауи талапқа сай 13 стационарлық модульдік пункттер орнатылып, тәуліктеп қызмет көрсетіп тұр. Бұл бекеттердің ерекшелігі осында, бейнебақылау камераларымен жабдықталып, Жедел-басқару орталығына қосылған. Оған қоса әрбір полиция басқарма, бөлімдер жанынан халықтық кеңселер ашылған. Мұнда кез-келген тұрғын келіп, кезексіз өз сауалына, мәселесіне жауап ала алады»,-деп атап өтті. Эфир кезінде полиция полковнигі А. Тастанбековке тақырыптан бөлек сауалдар қойылды. Дегенмен «жұртқа жақын полиция қағидатын» бірінші орынға қоятын полковник, барлық сұрақтарға тоқталып, жауап берді.

Өз кезегінде Түркістан облысының тұрғындарына қолжетімді полиция қағидатын қалыптастыру үшін, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылатынын жеткіземіз.