Отырар ауданында полиция қызметкерлерімен бірге жыл басынан бері 515 Ресей Федерациясынан әкелінген Ресей автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттама толтырылып, оның 465-і айыптұраққа қойылған.
Осыған байланысты отырарлық полицейлер тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтар болсақ Ресейден әкілген автокөліктердің құжаттарын рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлік тіркелген мекенжайға барып, техникалық байқаудан өтуі міндетті екенін түсіндірді.
Ал электронды түрде міндетті техникалық байқаудан өткен автокөлік пайдалануға жарамсыз болып табылады. Осы тұста тәртіп сақшылары аталған жайттар орын алған жағдайда ӘҚБтК-нің 590-бабы, яғни «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілетінін ескертеді. Сондықтан өзіңіздің Ресейлік автокөлігіңіз болса, құжаттарының заңды болуына көз жеткізіңіз.