Полицейлер айыппұл төлемеген 300-ден астам көлікті айыптұраққа кіргізді

22

▫️Салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі жұмысты жандандыру және жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын жүргізу мақсатында, Түркістан облысының аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шарада 100-ден астам мобильді топ құрылды. Жедел басқару орталығы, «Автоураган» 2 кешені мен «Қорғау» бағдарламасы мүмкіндіктерінің көмегімен айыппұлы төленбеген автомобильдерді анықтау және тұраққа жеткізу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ «Кибер-шериф», «Кардон-про», «Крис-П, «Арена» мобильді кешендерінің мүмкіндіктері қолданылды.
5 тәулікте яғни «Борышкер» іс-шарасының нәтижесімен 3846 әкімшілік хаттама толтырылып, жеке сот орындаушыларының қаулылары негізінде төленбеген берешегі бар 315 автомобиль автотұраққа қамалды. Оның ішінде 87 автокөлікті «Автоураган» мобильді кешені анықтады. Сонымен қатар учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жері бойынша 3764 азаматқа айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама таратты. Құқық бұзушылардың жұмыс орындары бойынша мәжбүрлеп іс жүргізу үшін 234 ұйғарым, ал жеке сот орындаушыларына 2105 қаулы жіберілді.
Өз кезегінде полиция қызметкерлері жүргізушілерге және Түркістан облысының тұрғындарына салынған айыппұлдарды уақтылы төлеу және жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеді.