Қаңтардан бастап шетелдік интернет-компаниялар Қазақстанға салық төлейді. Өзгерту енгізілген Салық кодексінің нормалары келер жылы күшіне енеді.
Ел аумағында халыққа тауарды онлайн сатып, желіде қызмет көрсетсе, шетелдік компаниялар қосымша құн салығын төлеуге міндеттеледі. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, көрсетілген қызмет немесе тауар бағасының 12 пайызы салық мөлшері болып есептеледі.
Бұдан ел қазынасына жылына 2 млрд. теңге түседі деген болжам жасалуда. Жаңа талаптың отандық компанияларға қатысы жоқ.
Шынар Оразова