Ата-бабамыз аманаттаған тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз

107

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезекті фракция отырысына мен «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаты Сүлеймен Тұрсымбайұлы қатыстым. Жиын барысында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуі аясында пікір алмасу жүргізілді.

Ата-бабамыз аманаттаған тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз. Кемел келешектің кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. «Егемен елде өмірге келіп, сапалы білім алғандықтан, Елдіктің жеті тұғырын сақтау – бүгінгі жастарға берілген аманат», – дейді халық қалаулылары.

«Бұл – Елбасы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы. Мұндағы соңғы алтауы ең алғашқы қағида Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған деп ойлаймын.

Өйткені Тәуелсіздік жоқ жерде, жоғарғыда айтылғандардың ешбірі болмайды. Ал қандай да бір халық өзінің болашағы үшін саяси шешім қабылдауда стратегиялық бағыт-бағдарын белгілеуде еркін болмаса, онда толыққанды мемлекет жайлы сөз қозғау мүмкін емес», — деп мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы үндеуге деген өз пікірін білдірді.
#Nurotan
#BizBirgemiz