16 желтоқсаннан бастап зейнетақы жинағын «Отбасы банкіне» аударуға болады

129

Енді зейнетақы жинағынан «Отбасы банк» депозитіне бірден ақша аударуға болады. Бұл тетік Жаңа жылдан бастап емес, келер аптадан іске қосылады. «Отбасы банк» басшысы процес жеделдейтінін мәлімдеді. Яғни, депозиттерді толтыру батырмасы 16 желтоқсаннан пайда болады.

Қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін үйде отырып-ақ «Отбасы банк» депозиттеріне аударуға мүмкіндік жасалып отыр.

Ақпараттық қауіпсіздік мақсатында платформа тек қазақстандық IP-мекенжайлардан ғана қолжетімді.

Шынар Оразова