Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайтында akorda.kz жарияланды.
Экс — министр 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Лондондағы Sells колледжін, Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын тәмәмдаған.
2017-2019 жылдар аралығында Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.
Ал 2020 жылдың 25 маусымында Елжан Біртановтан орнына министрлікке тағайындалған еді.
Мөлдір Ибадуллаева