АҚШ пен Қазақстанның көз дәрігерлері түлкібастық балаларды тексеруден өткізді

121

Қазір балалар арасында көздің қылилануы, нашар көруі белең алып жатыр. Осы мәселені алдын алу мақсатында қазақстандық «ОDOS» қорының ұйымдастыруымен, Түлкібас ауданы әкімдігінің қолдауымен игі іс қолға алынды.

Ауданда 6 мен 9 жас аралығындағы бүлдіршіндердің көздерін отасыз қалыпқа келтіру мақсатында АҚШ-тың және еліміздің білікті офтальмолог-дәрігерлерінен құралған мамандар 22 желтоқсаннан бастап тегін қабылдау өткізуде.

Аудандық емханада өтіп жатқан қабылдауға екі күннің ішінде көз ауруы мазалаған 100-ге жуық бүлдіршін қаралып үлгерген. Игі іске мұрындық болған қордың президенті Нұржан Байтеміровтың айтуынша, қаралу барысында көзінде кемшілік анықталған бүлдіршіндерге 2-3 айдың ішінде тегін көзілдірік беріледі.

Айта кетейік, 6 мен 9 жас аралығындағы көзінде кемшілігі бар бүлдіршіндер ата-анасымен келіп, тегін қарала алады.

 Жанерке Хумар