Шымкентте Абай аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз біреулердің өз атынан несие ресімделгені туралы айтып шағымданған. Сөзінше, белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған.
Жүйедегі деректерді жаңартамын деп, азаматшаның құпия ақпараттарын біліп алған. Біраз уақыттан кейін тұрғынның телефонына «2 700 000 теңгеге несие рәсімделгені» туралы хабарлама келген.
Абай АПБ-ның Криминалдық полиция бөлімі жұмысының нәтижесінде алаяқтық жасаған азамат қала аумағынан ұсталып, басқармаға жеткізілген.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мамандар тұрғындарды кездейсоқ қоңырауларға сенбеуге, кез-келген қаржылық мәселелерде мұқият болуға шақырады