Шымкент каласына қарасты Әл Фараби ауданының әкімі тұрғындардың сауалына жауап берді. Ол инфрақұрылыммен қамту, санитарлық тазалық, спорт алаңшаларының құрылыс жұмыстарының барысы сынды салаларда атқарылған жұмыстарды атап өтті.
Рашид Мыңбаевтың сөзінше, биыл бұқаралық спортты дамыту мақсатында 25 аулаға спорт алаңшасы орнатылып, одан өзге, демеушілер есебінен 6 ашық спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне берілген. Меже жоспардан артық орындалып отыр , -деген аудан әкімінің сөзінше, алдағы жылы бюджет есебінен 50 ауланы абаттандыру бойынша бюджеттік өтінім енгізілген.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданы қаланың орталығы болғандықтан, тұрғындарды ауыз су, табиғи газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 99,7 %-ды құрап отыр. Қазіргі таңда, ауданның дамуы 7 бағыт негізінде жүзеге асуда.
Аида Қарсыбайқызы