«Даму бар, алайда атқарылатын жұмыс шаш етектен» Шымкент қаласының әкімі есеп берді

100

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті 11-ші сессиясы өтті. Депутаттар Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебін бекітті. Республикадағы маңызды қалалар мәртебесіне ие Шымқаланың бюджетінің көлемі жылдың соңына дейін 495 млрд жетікізілмек.

Сессияның күн тәртібіне енгізілген -Жекешелік әріптестік жобалар, алдағы 3 жылға бюджетті нақтылау, тексеру комиссиясының жұмыс жоспарын бекіту сияқты мәселелер тұрақты комиссияларда жан-жақты қаралағандықтан, олар бойынша шешімдер бірауыздан қабылданды.

Жиынның  барысында  қала әкімі Мұрат Әйтенов өзіне жүктелген міндеттерді ,10 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Пандемияға қарамастан ілгерілеу бар. Әсіресе, өнеркәсіпте өнім көлемі артып, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласы мен бөлшек саудада көрсеткіш оң. 5 жылдық даму жоспарындағы жұмыстардың кезеңімен атқарылғанын баяндаған қала басшысы шешілмеген мәселелерді де жасырмады.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:»Қаладағы өзекті мәселелерді бірі инженерлік инфрақұрылым 5 елдімекен ауыз суды кестемен, 7 ауыл тасымалдау арқылы қамтылған. Ағымдағы жылы 16 млрд теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады бұл мәселе 2023 жылы шешімін табады».

Кезеңімен шешілетін тағы  өзекті мәселенің бірі қаланың іргесіндегі елдімекендерді кәріз жүйесімен қамту. Қазіргі таңда 6,5 млрд, 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл шаралар  кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 52 ден 54 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Даму жоспары бойынша тазарту кешенін ұлғайтып, 2 тазарту кешенінің техникалық негіздемесін жасау көзделген.
«8 елдімекенге газ тартылмаған, 33 елдімекен табиғи газбен жартылай қамтылған. Қазіргі таңда 6 млрд теңгеге 18 нысан салынуда. АГРС 2023 жылдың басында пайдалануға берілетін болды,»-деді Мұрат Әйтенов.

Халықты толғандыратын электр энергиясымен қамту жұмыстарына тоқталған әкім 16 елдімекенде электр энергиясы төмен екенін ашық айтты. Ол дегеніміз мүлдем жарық жоқ емес, жекеде болғандықтан қуаты нашар. Бұл олқылықтарды жою мақсатында 9.8 млрд теңгеге 14 нысанның құрылысы жүргізілуде. 2025 жылға дейін шымкенттіктер толық сапалы электр жарығымен қамтылады.

Баяндамасының соңында шахар басшысы қаланың өркендеуіне бірге ат салысқан депутат корпусына алғысын білдіріп, қала халқын алдағы мереке күндерімен құттықтады.