Желтоқсаннан бастап ескі көліктерді утилизацияға қабылдау аяқталады.
Халық биыл 50 мыңнан аса ескі көлікті утилизацияға тапсырған. Оның 37 мыңнан астамы жеңіл автомобиль. Өндірушілер операторының мәліметінше, ауылшаруашығы техникасы жыл соңына дейін қабылдана береді. Биыл шаруалар 3 мыңға тарта агротехника өткізген. Ал жеңіл, жолаушы және жүк көліктерін қабылдау бағдарламасы қаңтарда іске қосылмақ
Шынар Оразова