Анықтаушылар жедел кеңес өткізді

фото ШПД

Шымкент қаласы ПД анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі И.Құралбаевтың төрағалығымен Еңбекші ауданы полиция басқармасының мәжіліс залында тергеушілер, анықтаушылар мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен жедел кеңес өтті.

Аталған жиында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының мазмұны мен тармақтары түсіндірілді.
Нақтырақ айтсақ, Қылмыстық кодекске енгізілген «зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар», – деген жаңа ұғым, жаңа баптар енгізілгені туралы, сондай-ақ бұл қылмыстар бойынша тергеуді жүргізу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.