Еуропада табиғи газдың бағасы шарықтауда.
Көгілдір отынның бір мың текше метрі 1700 долларға сатылып жатыр. Бұған қыстың салқын болуы, Германияға ресейлік газ тасымалының азаюы мен «Солтүстік ағын-2» газ құбырына қатысты қиындықтар бар.Сонымен бірге, «Блумберг» агенттігінің хабарлауынша, Франциядағы ядролық реакторлар жұмысының тоқтауы да газ бағасының шарықтауына әкелді.
Сарапшылардың болжамынша, Еуропада көгілдір отын құны алдағы уақытта қымбаттай береді.
Шынар Оразова