«Грантқа түсіріп беремін»: Қала тұрғынын алдаған әйел ұсталды

116

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзіне жасалған алаяқтық жайты бойынша жүгінген.

Арызданушының айтуынша, таныс емес азаматша қаладағы оқу орнындарының біріне грантқа түсіріп беремін деп сендіріп, арыз иесінен 550 000 теңге көлемінде ақша алған. Осылайша грантқа түсемін деп сенген тұрғын алданып, соңында сан соғып қалған.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына жұмылды.

Нәтижесінде,күдікті тұрғылықты мекенжайынан анықталып, басқармаға жеткізілді. Ол 29 жасар қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, алаяқтық жасаған азаматша алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                           Жанерке Хумар