Шымкентте дінтанушы, ғалым Қайрат Жолдыбайұлының «KEMEL ADAM» атты рухани кеші өтті. Авторлық кеш «Кемел адам» еңбегіне негізделген.
Рухани кеште Бекжан Тұрыс бастаған өнерпаздар кітапты сахна тілінде сөйлетті. Күйші Нұрбол Сейілбек өзі жазған «Кемел адам» күйін тарту етсе, «ХасСақ» этно-фольклорлық тобы осы күйді ұлттық аспаптармен ерекше нақышта орындады.
Айта кетейік, рухани кештен түскен қаржы церебральді сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығының құрылысына жұмсалады.