Кентау мектебінде болған жан түршігерлік төбелестен кейін оқушы қыз ауруханаға түсіп қалды

349

Сарыпшылардың қорытындысымен заңды шешім қабылданады. 17.12.2021 ж. қала тұрғыны Кентау ҚПБ-ға арызданған. Онда кәмелетке толмаған қызы жанжал кезінде дене жарақатын алғанын көрсеткен. Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаменті әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Кентау ҚПБ бұл жайтты бірден тіркеп, тиісті жұмыстарды атқарды. Белгілі болғандай бірнеше мектептің жоғары сынып оқушылары мектеп ауласында өзара жанжалдасқан. Нәтижесінде кәмелетке толмаған қыз дене жарақатын алып, ауруханаға орналастырылған.

Бұл оқиға бойынша полиция қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі жанжалдасқан қыздардың ата-аналарымен кездесіп, 17.12.2021 жылы хаттама түзілген. Құқық бұзған жасөспірімдердің ата-аналарының жауапкершіліктерін қарау мақсатында, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша құжаттар жинақталуда. Жасөспірім қыз дәрігердің рұқсатымен ауруханадан шыққан соң, құжаттар сараптамаға жолданады. Сарапшылардың қорытындысымен заңды шешім қабылданатын болады.

Бүгінгі таңда осы іспен айналысып жатқан Кентау ҚПБ ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы оқушы қыздың анасына жолығып, атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар еткен.