Кентау қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3 бағыты аясында 4 153 азамат уақытша және тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінен бастап 30 адам даяшы және тігінші мамандығы бойынша оқыған. Ал екінші бағыты «Бастау-бизнес» жобасы бойынша Атамекен кәсіпкерлік палатасы арқылы 178 адам кәсіпкерлік негіздерінде дәріс алған.
Сондай-ақ бағдарламаның барлық бағыттары бойынша 213 еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамтылды.
Атап айтқанда, әлеуметтік жұмыс орындарына – 5 адам, «Бастау-бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздерінде — 13 адам, қысқа мерзімді кәсіптік оқу арқылы — 2 адам, мемлекеттік грант арқылы — 6 адам, жастар практикасы бойынша – 10 адам, қоғамдық жұмыспен — 64 адам, тұрақты жұмыспен — 113 адам қамтылған.
Мөлдір Ибадуллаева