Көлеңкелі экономикаға
Ұйымдастырушылар – Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жиынды көлеңкелі экономиканың бірден-бір көрінісі құмар ойындар туралы деректерімен бастады. Қала аумағында жүргізілген «Стоп игра» іс шарасы барысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 18 дерек тіркеліп, 16-ы сотқа жолданып, 11 қылмыстық іс бойынша сот үкімдері шыққан. Нақты табысты көрсетпеу фактілері шахар аумағындағы базарларда да орын алуда дейді департамент өкілі.
Қала аумағында салынып жатқан құрылыс нысандарының бастапқы және қабылдау актісіндегі құнын қадағалап жатқан механизм де, орган да жоқ деген әкімдіктегілер мұны реттеу бойынша ұсыныстарын да жеткізді
Марат Тәжібаев, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары: «Мораторий» деп көптеген нысандарды тексере алмаймыз. Аудан аумағында заңсыз салынған құрылыс , ретсіз дүңгіршектер көбейіп кетті. Егерде бізге базаға кіруге рұқсат болса, » кілт» берілсе, көптеген мәселелер тез арада шешілетін еді. Заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша айыппұл салу мүмкіндігі болатын еді»
Көлеңкелі экономиканың тағы бір көрінісі соңғы жылдары белең алған криптовалюта бизнесі. Майнинг фермалармен айналысатындар табысын көрсетпегені былай тұрсын, өңірде электр энергиясы тапшылығын тудыруда , -дейді жауаптылар
Мемлекеттік кірістер департаментіне базарлар мен сауда орындарында жұмыс жасайтын жеке кәсіпкерлерді есепке алу және майнинг фермалары бар азаматтарды кәсіпкер субъектілері ретінде тіркеу жөнінде тапсырма берілді. Жүктелген міндеттер хаттамаға енгізіліп, орындалуы қатаң бақылауда болады деді,- төраға.
Шынар Оразова