Медицина өнімдерін шығаратын алғашқы кәсіпорын іске қосылды

106

Шымкентте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай медицина бұйымдарын шығаратын жаңа жоба қолға алынды. Мұндай кәсіпорын ТМД елдерінде алғаш рет іске қосылып отыр. «Грин кросс эко» жобасы жылына 70 млн. инсулинді ине шығарады. Зауыттың ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысты. Толығырақ келесі бейнематериалда.

«Грин Кросс ЭКО» ТМД елдерінде медицина өнімдерін шығаратын алғашқы кәсіпорын. Мұнда жылына иммуноферментті анализдің 500 мың жинағы және 70 млн инсулинді ине шығарылады екен. Жаңа зауыт басшысы ішкі нарықты толық қамтыған соң, алдағы уақытта өнімді ТМД елдеріне экспортқа шығару жоспарда бар екенін айтты.

Нұрмахан Таласов, «Green Cross Eco» фармацевтикалық зауытының директоры: «Инсулиндік шприц-ручкалардың инелерін шығарамыз. 30 жылдан бері бұл шикізат бізге импортталып келген. Біздің елімізде 400 мыңға жуық диабет ауруына шалдыққан адамдар бар, соның ішінде 40 мың адам инсулиндік диабеттің 1-ш түріне шалдыққан. Сол себепті олар бұл өнімдерді күнде қолданаы.  Қуаттылығы бірінші жоспар бойынша 70 млн, бұл біздің ішкі нарықты қамту, ал 2 жылдың ішінде бұйырса біз ТМД елдеріне шығамыз.  Осы желтоқсан айынан бастап «СК-Фармацияға» шыққан өнімдерді жібере бастаймыз».

Кәсіпорынға технология  Оңтүстік Кореядан әкелінген. Сәйкесінше кореялық шеберлер келіп, мамандарды үйретеді. Қазір тек бірінші кезеңі аяқталған жобада 50 жаңа жұмыс орны құрылып отыр.

Мұрат Әйьенов, Шымкент қаласының әкімі: «Тек қана Шымкент қаласының тұрғындары ғана емес, Қазақстанның бәрі қолданып, Алла жазса экспортқа шығарамыз.  Мемлекет басшымыз алға қойған үлкен тапсырмалар бар, міндеттер бар, соны орындап ары қарай жалғастыра берейік. Шымкентіміз көркейе берсін».

Фармацевтика саласындағы бірегей жобаның құны 500 млн. теңгені, ал аумағы 2000 шаршы шақырымды құрайды.  Зауыт құрылысы 2019 жылы басталып, белгіленген мерзімнен 2 жыл ерте қолданысқа беріліп отыр. Мегаполис басшысы қарқынды жұмыстың нәтижесінде Шымкент – өз-өзіне қызмет көрсетіп, тауар алатын үлкен нарыққа айналатынын жеткізді.

Гүлдана Дәурен