Мұрат Әйтенов: «Шымкентте оң өзгерістер бар»

110

Шымкент үшінші мегаполис атанғалы тек оң өзгерістер орын алуда. Бұл туралы қала басшысы Мұрат Әйтенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Айтуынша, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, оларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.

Шымкентте жыл басынан бері жемқорлық сипатында 60 тан аса қылмыс тіркелген. Мұны орталық коммуникациялар қызметінде баяндама жасаған мегаполис басшысы Мұрат Әйтенов те растады.

Қалада жемқорлықпен күрес жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Нәтижесінде бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмендепті.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:

«Өкінішке орай, ондай жағдай Шымкентте тіркелді. Оны жоқ деп айтуға болмайды. Білім саласында басшыларды осы жемқорлықпен қарсы күрестің арқасында арнайы қосымша арқылы қабылдап жатырмыз. Ал басшыларын қазір министрліктің тарапынан ратация деген басталды. Енді барынша жыл сайын заманауыи құралдарды қолданып жемқорлықты болдырмау бар мүмкіншілігін қарастырып жатырмыз».

Үшінші мегаполис әкімі қаланың жетістіктеріне де арнайы тоқталды. Сөзінше тәуелсіздік алғаннан бері Шымкент даму үстінде. Мәселен алғашында қала бюджеті 1 млрд тг болса, бүгінде ол цифр 497 млрд-ға жеткен.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Соңғы отыз жылда Шымкент қаласындағы халық саны 400 мыңнан қазір 1 миллионнан асты. 1991 жылы қалада 72 мектеп болса, бүгінде 202 мектеп өскелең ұрпаққа білім беруде. Тәуелсіздік таңы атқанда 68 мың оқушы болса, қазіргі таңда 250 мыңнан асатын оқушымыз бар. Мәдениет нысандары 52-ден 120-ға жетіп, спорт нысандары 337-ден 900-ге көбейді. 90-шы жылдары қалада 27 денсаулық сақтау нысандары болса, қазір ол 110-ға жетті. Шымкент тұрғындарының орташа жасы 63,9 жастан 71 жасқа артты».

Бұған дейін қалада тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаңа «Сергек» камералары орнатылған еді. Алайда бұл өзгеріс жұрттың біраз сынына ілікті.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі:
«Біздің халық сергек деген аттан қорқады ғой. Барлығы мұны гчб арқылы жасалып жатыр, оның ақшасы арнайы фирмаларға кетіп жатыр деген түсінік бар. Бұл 100 пайыз мемлекеттікі. Ондағы түскен қаржының барлығы мемлекетке түседі, Шымкент қаласының бюджетіне. Сіздер жол тәртібін бұзбаңыздар. Сонда ақша төлемейсіздер. Заңға сәйкес 60 шақырыммен жүріңіз, ешкім төлемейді».

Сондай-ақ , брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Мұрат Әйтенов 2023 жылы қала халқы ауыз судан тапшылық көрмейтінін жеткізді. Ал көгілдір отын мәселесі 2025 жылға дейін толық шешімін таппақ.

                                                                                                  Мөлдір Ибадуллаева