Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желіге «несиеге рақымшылық жасалып жатыр» деген жалған ақпар тарап, халықты әуреге салды.
Фейк мәліметке сенген көпшілік, қарызымыз кешірілсе , деген ниетте , қаладағы «Ұлттық банк» мекемесінің алдына жиналған.
Бұл жерге жиналғандардың қарасы қалың. Олар, » несиеміз кешірілсе» — деген ниетпен келген. Халықтың бұлай үміттенуіне негізгі себеп, әлеуметтік желіде «Несиеге рақымшылық жасалып жатыр» -деп тараған жалған ақпар.
Мұнда жиналғандардың басым бөлігінде бір басында кемінде екі несиеден бар. Олар тым болмаса соның бірінен жеңілдесек деп үміттенген екен. Солардың бірі , Әл-Фараби ауданының тұрғыны- Зүлфия Рүстемқызы. 10 миллионнан астам қарызы бар азаматша, «15 желтоқсанға дейін өтініш берсеңдер, несиелеріңді кешеді», деген хабарламаны көрген соң, бірден осында келген.
Зулфия Рүстемқызы, тұрғын:
«Кез-келген кредиті бар азаматтардың кредиттері кешіріледі. 15 желтоқсанға дейін тездетіп барып арыздарыңды жазыңдар, кредиттер кешіріліп жатыр өкіметтің тарапынан,- деді. Сомен менде жүгіріп келдім, үміттеніп, кредитімді жабуға. Ал келсек, оны жалған ақпарат деп жатыр. Шынымды айтсам мен телевизордан көрген жоқпын, кейбіреулер телевизордан да көрсетті дейді осы жаңалықты».
Мұнда тек қала тұрғындары ғана емес, облыстың басқа да аймақтарынан келген азаматтар бар. Олардың, жалған мәліметке сеніп , қаладағы «Ұлттық банк» мекемесіне жиналып жатқанына осымен екінші күн.
Келушілердің арыз шағымын тыңдаған мамандар , әлеуметтік желідегі ақпардың жалған екенін айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Абылғазы Қалназаров, Шымкент қалалық қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының басшысы:
«Бұл мәлімет жалған. ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мұндай құзыры жоқ. бұл бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілуде, алдағы уақытта халықтың арыз шағымының жауабын өздеріне беретін боламыз».
Басқарма басшысының айтуынша, халықты сендіріп, сандалтып қойған бұл ақпарды таратушылармен құзырлы органдар жұмыс істеп, тиісті шаралар көретін болады.
Аида Қарсыбайқызы