«Nur Otan» партия белсенділері марапатталды

127

Шымкентте Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында «Nur Otan» партия белсенділерін «Халық алғысы» медалі және «Белсенді қызметі үшін» төс белгімен марапаттау іс-шарасы өткізілді.

Сондай-ақ, партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Құрмет» грамотасы табысталды. Қызмет жолында аянбай еңбек еткен азаматтарды қала әкімі Мұрат Әйтенов құттықтап, алдағы атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Партия тарихында осы уақытқа дейін маңызды тоғыз құжат қабылданды. Олардың жалғасы ретінде әзірленген өзгерістер әр азамтқа лайық атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасының ағымдағы жылғы жоспарланған іс-шаралары толығымен орындалды. Бұл жетістіктер «Нұр Отанның» жалпы еліміздегі партиялық саяси жүйелігінің көрсеткіші».

Әлихан Файзханов