Отандық зауыттар 176 млрд. теңгеге фармацевтикалық тауар шығарды

218

Биыл отандық зауыттар 176 млрд теңгеге фармацевтикалық тауар шығарды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл былтырмен салыстырғанда 34 пайызға көп – рекордық көрсеткіш.

Ал ішкі нарықта отандық фармацевтикалық зауыттар үлесі 21 пайыға дейін өскен. Елде коронавирустық инфекциямен күресте препараттарға сұраныс көбейді. Құрамында дәрумендері бар дәрілер өндірісі 70 пайызға артқан.

Отандық тауардың шамамен жартысы Қарағандыдағы кешенге тиесілі. Ішкі нарықта өзіміздің тауарға сұраныс жоғарылаған сайын импорттың үлесі азайып жатыр.

Мәселен, Қазақстан биыл 796 млн долларға дәрі-дәрмек сатып алған. Шетелдік препараттар былтырға қарағанда 8,5 пайызға аз.