Қазақстан спортшылары 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына 60 жолдама жеңіп алды. Жалпы саны 90 жолдама болады деп күтілуде.
Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің айтуынша атлеттер жеті спорт түрі бойынша сынға түседі. Олар: шаңғы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, тау шаңғы спорты, шорт-трек және конькимен жүгіру спорты.
Соңғы іріктеу жарыстары 2022 жылдың қаңтар айында өтеді. Ал квота мен жолдама бөлу 16 қаңтарда аяқталады екен. Осыдан кейін Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы жасақталады.
Ал қысқы Олимпиада ойындары Пекинде 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Мөлдір Ибадуллаева