Шардарада қарақшылар жанармай бекетіне шабуыл жасаған

191

Шардарада қарулы қарақшылар жанармай бекетіне шабуыл жасады. Бетіне медициналық бетпердені бүркеп, қолына пышақ, екі ауыздық аңшы мылтығын, ағаш шоқпар ұстаған үш күдікті жанармай бекетіндегі кассаға баса көктеп кірген.

Олар кассир мен оның көмекшісін қорқытып, ақша талап етіп, кассадағы 120 мың теңгені алып кеткен. Кейін бекет маңында көлікте тосып тұрған төртінші сыбайласымен бірге бой тасалаған.

Шардара мен Жетісай ауданының полицейлері қылмыскерлердің ізіне түсіп, нәтижесінде күдіктінің екеуін қолға түсіріп, қамауға алынды. Ал бой тасалап кеткен екі сыбайласы іздестіріліп жатыр.
                                                                                      Әлихан Файзханов