Шымкент әкімі қалалық прокуратура қызметкерлерін еліміздің басты мерекесімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады
Мегаполис басшысы олардың тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерін саралап, еңбегі айырықша екенін атап өтті. Әрі алдағы қызметтеріне табыс тілеген Мұрат Әйтенов мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған маңызды бастамалар жемісті болады деген сенім білдірді.
Салтанатты жиында Шымкент прокуратурасы аппаратының басшысы «Ерен еңбегі үшін» мерекелік медалімен, прокурордың орынбасарлары, гарнизонның әскери прокуроры, Еңбекші мен Қаратау ауданының прокуроры «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Мөлдір Ибадуллаева