ҚАУЛЫ
Шымкент қаласы
2021ж. 13.12. № 34
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар
енгізу туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №36), «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №38), «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі №42 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №42), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 қыркүйектегі №43 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №43), «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі №44 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №44), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы №47
қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №47), «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №55 қаулысына (бұдан әрі — ҚР БМСДҚ №55), Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарының 2021 жылғы 24 тамыздағы және 2021 жылғы 21 қыркүйектегі хаттамалары, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №293/2020 бұйрығына, «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес, COVID-19 сырқаттанушылығының және вирустық пневмония ауруының тіркелуінің жалғасуына байланысты және халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуының одан әрі алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шымкент қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу бойынша шектеу шараларын және карантин режимін ұзарту туралы» Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылдың 26 қазандағы № 33 қаулысына (әрі қарай — Шымкент қаласының БМСД №33 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Шымкент қаласының БМСД №33 қаулысының 1-қосымшасы 34 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
№ Объектілер/салалар Жұмыс тәртібі «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі
34. Мәдениет объектілері (дайындық) 50 адамға дейін Қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда қалыпты режимде.
2) Шымкент қаласының БМСД №33 қаулысының 1-қосымшасы 35 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
№ Объектілер/
салалар Жұмыс тәртібі «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі
35. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар Толтырылуы 30%-дан асырмай Толтырылуы 80%-дан асырмай, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда.
3) Шымкент қаласының БМСД №33 қаулысының 1-қосымшасы 40 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
№ Объектілер/
салалар Жұмыс тәртібі «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі
40. Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда Толтырылуы 30%-дан артық емес Толтырылуы 80%-дан асырмай, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға қызмет көрсетуге рұқсат.
4) Шымкент қаласының БМСД №31 қаулысының 1-қосымшасы 44 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
№ Объектілер/
салалар Жұмыс тәртібі «Ashyq» жобасына қатысатын субъектілердің жұмыс тәртібі
44. Цирктер Толтырылуы 30%-дан артық емес Толтырылуы 80%-дан асырмай, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда.
2. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
3. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енеді.
А.Тулебаев,
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері