Шымкент: «Ел тірегі-Елбасы» акциясы мың отбасыға көмек көрсетеді

156

Ел Тәуелсіздігі мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Халық» қайырымдылық қоры бұрыннан келе жатқан игі дәстүрді жалғап, «Ел тірегі – Елбасы» атты кезекті ауқымды қайырымдылық акциясын бастады.

Желтоқсан айында республика бойынша 20 000 отбасыға, құны 520 миллион теңгені құрайтын, азық-түлік табысталмақ. Ал, оның жалпы көлемі 1 миллион келіден асатын көрінеді.

Диана Ыдырыс: «Мұнда жаңа жылдық сыйлықтар,дәмді өнімдер бар. Біз жалпы Шымкентте 1000 адамды қамтыдық, еліміз бойынша жалпы 20 мың».

«Халық» қоры әдеттегідей көпшілікке көмек көрсету мақсатында «Ел тірегі – Елбасы» қайырымдылық акциясын қолға алды. Бұл жолы әр отбасына барлық қажетті заттармен қамтылған қораптар арқылы үш еселенеген өнім ұсынылды.

Қор мүшелері, барлық азық-түлік себеттерін тиісті адамдараға жеткізіп, шараны 16 желтоқсанға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Ал, еріктілер осы мақсатта азық-түлік өнімдерін алушыларға толық әрі дұрыс жетуін қамтамасыз етеді.

Диана Ыдырыс, ерікті: «Бұл үш қораптың жиынтығы, әрқайсысында сізге қажетті нәрсенің бәрі бар. Жарма, макарон өнімдері, тәттілер, бұқтырылған тағамдар және т.б. Біз аз қамтылған отбасыларға, көмекке мұқтаж және ерекше күтімді қажет ететін мүшесі бар отбасыларға арнайы жинақтар таратамыз».

Шара барысында, еріктілер еш тоқтаусыз қызмет етуде. Кезекті азық-түлік қорабы, Атырбековтер отбасына бұйырды. Асыраушысынан айырылған, көп балалы жанұяда , Гүлсім шиттей балаларымен жалғыз қалған. Отанасы  біршама уақыттан бері осы қордан тұрақты түрде жәрдем алып келе жатқанын айтып, аталған акцияны ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдірді.

Гүлсім Атырбекова, көп балалы ана:
«Бізді ешқашан ұмытпағандарыңыз үшін, сіздерге көп рахмет. Тағы да олар бізге азық –түлікпен көмектесіп жатыр. Енді мен бір ай қиындықсыз өмір сүре аламын және балаларымды немен тамақтандырамын деп те алаңдамаймын».

«Халық» қоры мұндай акциялары аз қамтылған , көп балалы отбасылар мен ерекше күтімді қажет ететін балалары бар жанұяларға көмек көрсету мақсатында үнемі өткізіп тұрады. Бүгінгі «Ел тірегі – Елбасы» акциясы да бірнеше жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға барынша қол ұшын созып келе жатыр.

Айта кетейік, осы қор тарапынан 2020 жылдың сәуір айынан бастап, 2021 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта, ондаған мың отбасына қажетті көмек көрсетіліп– жалпы салмағы 4 миллион келіден асатын 80 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған еді.

                                                                                       Аида Қарсыбайқызы