Шымкентте 4 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

56

Шымкентте 5 мыңға жуық адам Файзер вакцинасын қабылдады. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол індеттің жаңа штамы омикрон жайлы тілге тие кетіп, оған қарсы жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтты.

Шымкентте өткен тәулікте 2141 адам ковидке қарсы екпе алды. Ал 15 қарашадан бастап әкелінген Файзер вакцинасын бүгінде 4 мыңнан аса тұрғын салдырған. Осылай деген қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов қалада эпидахуал тұрақты болса да, сақтану шараларын ескерген жөн дейді.

Бақытжан Позилов,  Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы:  «Өздеріңіз білесіздер, америкалық компания файзер вакцинасы бізге Шымкент қаласына келген болатын 46 мыңнан аса дозасы. Қазіргі таңда файзер вакцинасы 4 мыңнан аса азаматқа салынды. Яғни, 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге 17-36 апталық және босанғанына 42 күннен кейінгі емізулі әйелдерге біз салып жатырмыз. Кез келген емханада және мектебінде салдыруға болады».

Сондай-ақ, Бақытжан Позилов жаңадан пайда болған омикрон штамына да тоқталды. Сөзінше, Африкадан тараған індеттің бұл түрі алдынғыларына қарағанда адам ағзасында өте ауыр жүреді. Және оның салдарынан өлім-жітім көп болатынын жеткізді.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы:» Қазір мынау омикрон штамы өте күрделі штаммға жатады. Егер де бұрындары вирус адамға жұққан кезде инкубациялық кезең 14-15 күн болатын болса, бұл омикронда өте аз. Науқаста тез ауырады. Және де бұл омикрон штамынан өлім-жітім өте көп болып жатыр бұдан».

Сондықтан, қаланың бас дәрігері аурудан құтылатын немесе жеңілдететін жалғыз жол вакцина алуға шақырады. Ол үшін қазіргі таңда қалада 36 емханада 211 бригада жасақталған.

Әлихан Файзханов