Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессиясында өтті. Күн тәртібіне жалпы 13 мәселе қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Жиында алдымен 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті бекітілді. Онда мегаполистегі барлық мектептегі бастауыш сынып оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамту, жолдарды орташа және күрделі жөндеуден өткізу, денсаулық сақтау мекемелерін жабдықтау, спорт және мәдениет үйірмелерін жан басына қаржыландыру, кәсіпкерлікті қолдау, қала аумағын көгалдандыру, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу сынды маңызды салаларға қаржы бағытталған.
Нәтижесінде келесі жылға арналған қала бюджеті 468 млрд. теңге көлемінде бекітілді. Оның 22,4% – даму бюджеті, 77,6% – ағымдағы шығындарды құрайды.
Қала бюджетін нақтылау мәселесі қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте жан-жақты талқыланған. Жиын соңында қала әкімі мәслихат хатшысы бастаған депутаттар корпусын және түрлі салада жемісті еңбек еткен бірқатар азаматтарға «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мемлекеттік мерекелік медалін, Мемлекет басшысының «Алғыс хатын» және қала әкімінің «Құрмет граммотасын» табыстады.
Мөлдір Ибадуллаева