Қазгидрометеоорталықтың хабарлауынша, Шымкент қаласында 2021 жылдың 9 желтоқсанда түндетұман түседі.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының ТЖ департаменті автокөлік жүргізушілері үшін қауіпсіздік ережелерін еске салады:
* қозғалыс жылдамдығын азайтыңыз, ол көру қашықтығының жартысынан аспауы керек. Сонымен, 20 м көріну кезінде ол 10 км/сағ аспауы керек;
* фаралардың жақын жарығымен жүру керек, ол алыс жолға қарағанда жолды жақсы жарықтандырады;
* тұманға қарсы фаралар болған кезде оларды жақын жарықпен бірге қосыңыз.
* шыны тазалағыштарды қосыңыз;
* әйнектерді булау кезінде салонның жылыту және желдету жүйесін, сондай-ақ артқы әйнектің электр жылытқышын қосу қажет;
* жылдамдықты спидометрмен мезгіл-мезгіл тексеріп отыру керек;
* белгілеу болған кезде жолақтарды бөлетін таңбалау сызықтары арасында орталық позицияны алыңыз;
* жүргізуші есік терезесін ашық ұстап, басқа да көліктердің шуын тыңдаңыз;
* дыбыстық сигналды мезгіл-мезгіл қолданыңыз, әсіресе қала сыртындағы жолда.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы