Соңғы тәулікте 545 адамның кви жұқтырғаны анықталды

97

Елімізде өткен тәулікте 545 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде 4-і Шымкентте, 4-і Түркістан облысында тіркелген.

Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 165-ке жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ. Ал, Түркістан облысынан 10 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.

7 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 23 452 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 4 744 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  18 708-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

Сала жауаптыларының айтуынша, 355 адамның жағдайы ауыр, ал 96 пациенттің халі өте ауыр. 57 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 795 168 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 203 255 адам салдырды. Ал Шымкентте 583 425 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 547 596-і алды.

Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 031 740, II компонентін 992 158 адам салдырған. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ Түркістан облысы мен Шымкент қаласы жасыл белдеуде. Ал қызыл аймақта еліміздің бірде-бір өңірі қалмады.
                                                                                                  Мөлдір Ибадуллаева