Соңғы тәулікте 683 адамның кви жұқтырғаны анықталды

107

Елімізде өткен тәулікте 683 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның ішінде 12-і Шымкентте, 4-і Түркістан облысында тіркелген. Сонымен қатар, ел бойынша жазылып шыққандар саны 1 044-ке жетіп отыр. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ.

Ал, Түркістан облысынан 10 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында. 9 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 22 353 адам ем қабылдап жатыр.

Оның ішінде 4 404 пациент стационарға жатқызылған. Ал,  17 949-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 349 адамның жағдайы ауыр, ал 85 пациенттің халі өте ауыр.

60 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 8 821 764 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 243 463 адам салдырды.

Ал Шымкентте 586 463 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 550 707-і алды. Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 033 264, II компонентін 992 212 адам салдырған.

                                                                                  Мөлдір Ибадуллаева