Су көздерін таза ұстайық

166

 

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық ахуалын жақсарту, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, халық тұтынып отырған ауыз су жинау ұнғымаларына, жерасты су көздерінен су алу кешендеріне қарасты аумаққа жауапты мекемелердің қызметкерлері арасында, Шымкент қаласы санитариялық — эпидемиологиялық бақылау депертаментіне қарасты басқармалардың және аудандық әкімдіктердің мамандарымен бірге санитарлық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде су алу кешендеріне қарасты аумақтарды, өзен бойындағы қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі күнге аудандық әкімдіктің мамандарының қадағалауымен аталған жұмыс айына бір рет жүргізіліп отырады.

«Сайрам су» өзенін Базарқақпа елді мекенінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің сарқын сулары кәріз жүйесінің тозуына орай, ластап отырған. 2021 жылдың ақпан-наурыз айларында аталған шайынды сулар жүйесіндегі орын алған ақауларды «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесі жөндеуден өткізді.

Тоғыс елді мекенінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлерден (КОС) кәріздік тазалау ғимаратына шыққан сарқынды су, орталық кәріз жүйесіне қосылмағандықтан, «Бадам» өзенін ластап отырған болатын. Алайда 2020 жылдың соңынан 2021 жылдың мамыр айларында аталған кәріз жүйесінде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, ақаулар жойылды.

Жоғарыда аталған өзекті мәселелер бойынша тиісті мекемелерге хаттар жолданып, нәтижесінде аталған елді мекендегі орын алған өзекті мәселелер шешімін тапты.
Шымкент қаласы аумағынан ағып өтетін ашық су көздерінің («Қошқар-Ата», «Қарасу», «Бадам» өзендерінің) су қорғау белдеулер шегінде орналасқан жеке тұрғын үйлер мен түрлі коммерциялық (қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер және т.б.) нысандардан шыққан күл-қоқыстар, тұрмыстық қатты қалдықтар өзендердің арналарын ластауы анықталған болатын.
Жоғарыда аталған ашық суаттардың жағалаулары мен арналары қатты тұрмыстық қоқыстардан, балдырдан тазартылды.

Ай сайын жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында, халық тұтынып отырған орталықтандырылған су жүйелерінен, су сынамаларын зертханалық зерттеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының Шымкент қалалық бөлімшесі және «Су Ресурстары-Маркетинг» ЖШС мекемесімен қатар, жоспарланған зертханалық жоспарда көрсетілген мерзімге сай, бақылау нүктелерінен санитариялық — гигиеналық, микробиологиялық, радиологиялық зерттеулерге, жоғарғы технологиялық зерттеулер зертханаларына су сынамалары алынып мониторинг жүргізілуде. Қала бойынша 121 бақылау нүктелері орнатылған.
Жыл басынан 1523 бактериологиялық, 287 санитарно-химиялық зерттеулер жүргізілді. Ашық су көздерінен зертханалық зерттеулерге алынған 80 санитарно-химиялық, 52 бактериологиялық сынамалар алынып, қорытындысы бойынша оң нәтиже анықталмады.

Су қорғау аймақтарын, ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған стратегиалық нысандардың, ашық суаттардың, су қорғау белдеулер шегін таза ұстауға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында санитариялық ағару, түсіндіру жұмыстары департаментке қарасты аудандық басқармалармен және аудан әкімдіктермен жүргізу жалғасуда.

М.Каракулова,

Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылыау департаментінің бөлім басшысы